Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Нұр-Сұлтан қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  • Мектебіміздің сайтына қош келдіңіздер!
    Меню школы

    Название страницы

    бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі





    2022 жылғы 22 қазан күні №27 мектеп-лицей мектебінің психологиялық қызметі «Жасөспірімдердің арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мен денсаулықты және өмірлік дағдыларды қалыптастыру бойынша Бағдарламаны» жүзеге асыру шеңберінде «Тағдыр сақшылары» тақырыбында мектептің педагогтеріне арналған семинар өткізді. Семинардың мақсаты қиын өмірлік жағдайға тап болған балалармен, жасөспірімдермен жұмыс жасауда қателіктерді жібермеу мақсатында мұғалімдерге дұрыс әрекет етуді үйрету болып табылады.
    Семинар барысында оқушылардың эмоционалдық жағдайларына назар аудару, оқушылармен және ата-аналармен қарым-қатынас орнату сияқты мәселелер айтылды. Сонымен қатар жасөспірімдік шақтағы тәуекел факторлары мен қорғану факторлары туралы айтылды.
    Семинардың соңында мұғалімдерге оқушыларға қалай психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге болатыны туралы және эмоционалды әл-ауқатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.





    Буллингтің алдын алу мақсатында, № 27 мектеп-лицейінің әлеуметтік-педагогикалық қызметі оқытушы-психолог М.Б. Имашева мен әлеуметтік оқытушы М.Н. Жұманбай осы жылдың 12 қазан күні 7 «Ж» сыныпта сынып жетекшісі К.С. Еслямгалиеваның қатысуымен «Буллинг туралы айтайық» атты практикалық сабақ өткізді. Жұмыс 3 бағытта өтті:
    1. Буллинг деген не және оның қандай түрлері бар?
    2. Психологиялық тренинг «Өзін-өзі сыйлау»
    3. «Түрлі жағдайлармен таныстыру. Оны қалай дұрыс орындау керек?» оқу ойыны.
    Іс-шараға барлық оқушылар қатысты. Олар сұрақтарға белсенді түрде жауап берді, оқу тәжірибелерін өткізді. Сабақ заманауи оқыту технологияларын қолдану арқылы интерактивті түрде өтті. Балаларға, ең алдымен, жанжалдарды шешудің оң жолдарын іздеуге арналған жаттығу ұнады, өйткені бұл білім олар үшін күн сайын дерлік маңызды. Іс-шара оң нотада аяқталды және әркім өзі үшін пайдалы жаңалықтар ашты.






    2022 жылдың 10 қазанында
    8-сынып оқушылардың ата-аналарымен «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі» тақырыбында тренинг өткізілді.
    Тренингтің мақсаты: мектеп пен отбасының кейінгі ұрпақты тәрбиелеу бойынша өзара жұмысын алдыңғы жолға қою. Ата-ананың басты міндеті- отбасы институтын нығайту, отбасылық қатынастардың рухани- адамгершілік дәстүрлерін жаңғырту және сақтау. Гүл жапырақшаларына ата-аналар баласының қасиеттерін жақсы жағынан жазып алды. Экспериментке ата-аналар да қатысып, балаға қаншалықты адамгершілік, шынайы және жанашырлықпен қарау керектігіне көз жеткізді. Ата-аналар «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі» тақырыбындағы кеңестермен танысты. Тақырып қызығушылықпен талқыланды.
    Дайындаған оқытушы-психолог: Имашева М.Б.





     

    6.10.2022 психолог Исабаева Қ.Т. 10-сынып ата-аналарымен "Ата-ана мен бала-өзара тусіністікке апарар жол" тақырыбында тренинг өткізді.

    Тренингтің мақсаты:  ата-аналарға өз балаларын тәрбиелеуде әдістер мен құралдарды  таңдауға  көмектесу.

    Тренинг өту барысы:

    1. Сәлемдесу
    2. Кіріспе әңгіме, тәрбие теориясы.
    3. Жеке жұмыс. Баланың бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді жинастыру.
    4. «Сен-ойыңды білдіру», «Мен-ойымды білдіру» әдістемесі. Бекітетін ойларды эмоциямен айтылған ойларға қалай өзгертуге болатыны туралы.
    5. «Менің отбасым»  тақырыбында  оқушылармен және олардың ата-аналарымен алдын ала сауалнаманы талдау.
    6. Топпен жұмыс. «Мінсіз бала» кластерін құру.

    Кестеден балаңыздың бойына сәйкес келетін қасиеттерді таңдаңыз.

    1. Әңгімелеу. «Біз бәріміз бала кезімізден келеміз. Жақсылық пен жамандықтың бәрін  адам отбасынан  алады» Антуан де Сент –Экзюпери.




    Ата-аналарға кеңестер

    БЕЙІМДЕЛУ КЕҢЕСТЕРІ:

    Кеңес береміз:

    — Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.

    — Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз

    — Үйдегі жағдайда баланың өзіне — өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

    — Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

    — Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

    — Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

    — Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні – ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

    — Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады. — Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

    — Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет. Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.

    Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес

    Ата-аналарға психологиялық кеңес

    Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың; жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысаныға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді. -Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптасыру. — Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй  шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету. -Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. -Оқудың,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдеп-дағдыларын қалыптастыру. -Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. -Өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру. -Баланың ақылына, күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы, талапты орындауға дайын болуға үйрету. -Бақылау, тексеру, бағалау. -Тәртіптікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т. б. баулу. Өзін-өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу.

    Ата — аналарға арналған 10 кеңес

    Ата-аналарға психологиялық кеңес

    1. 2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз. 3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз. 4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз. 5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз. 6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз. 7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз. 8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз. 9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз. 10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар. 11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды. 12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

    Ата — ананың маххабаты мен бала тәрбиесіндегі салғырттықтың (баланы бетімен жіберудің) шекарасы қайсы? Ол үшін мына кеңестер кез — келген ата – анаға

    көмек бола алады.

    Ата — ана мен баланың арасында екі түрлі көзқарас болмауы тиіс. Бұл әлі өмірге деген өз көзқарасы қалыптаспаған, жасы кәмелетке толмаған балаларға қатысты. Ата — анасы көш бастайтын көсем болуы қажет бала үшін. Демек, ата — ана әрбір іс — әрекетіне мән беруі қажет. Білікті, білімді, қайсыбір жағдай болмасын, сабырмен қабылдап, нені болмасын, сабырмен қабылдай алатын көшбасшының (ата — ананың) соңынан ереді бала да. Өйтпеген жағдайда бала тарапынан қарама — қайшылықты анық көретін боласыз. 4 — 5 жасында — ақ өз қалауын ата — анасына сөзсіз орындататын бала ерке. 2 жасқа келгенде баланың қалауы (орынды болса ғана) ата — ана үшін заңды. Одан кейінгісі — еркелік. Демек, уақыт өткізбей ертерек қателіктердің орнын толтырып, бала бойындағы еркелікті түзеуге ұмтылған дұрыс. 4 — 5жасқа келгенде бала ата — анасының неге рұқсат етіп, қай қалауының теріс екендігін түсіне білуі тиіс. Егер осы жасқа дейін ата — ана мен баланың арасындағы қарым — қатынас өз деңгейінде қалыптасса, демек, әрі қарай да олардың арасында қандай да бір үлкен түсініспеушіліктер болмайды.

    Балаға берілетін дұрыс тәрбие «болатын» және «болмайтын» іс — әрекеттерді айқындайтын нақты шекарадан тұрады. Бұдан бала, ненің дұрыс, ал ненің бұрыс екендігін, қандай іс — әрекеттердің оң, қай қылығының теріс екендігін анық ұғып өседі. Егер кеше балаға тырнақты тістемеуді немесе қолын аузына салмауды ескерттіңіз бе, ол әрекетін бүгін де байқасаңыз, тағы да ескертуге ерінбеңіз. «Ой, қанша айттым, тыңдамайды бәрібір» деп бір — екі күннен соң қол сілтей салсаңыз, бітті. Сіздің бала бойындағы көптеген қателіктерге түйсікті түрде баруға болатындығына жол бергеніңіз. Сонымен қатар, баланың алдында емес, соңынан жүруді ерте бастан — ақ қалыптастырғаныңыз. Ата — ананың бала үшін қойған шекарасынан ол әдеттегі айтыла беретіндей « жалтақ» болып кетпейді. Шекара — бала өмірін жеңілдетеді, болашақта қандай — да бір үлкен қателіктерге жол бермеуге үйренеді. Керісінше жағдайда, яғни шекара болмаған отбасында бала адасады, оның өмірі қиындайды.

    Бала да ата — анасы сияқты отбасының бір мүшесі. Оның өз орны және құқығы бар. Дегенмен, отбасы мүшелерімен қарым — қатынасында да шекара болуға тиіс. Егер баланың қандай да бір іс — қимылы сізге жағымсыз болса, ыңғайсыздық тудырып жатса, оған шектеу қойғаныңыз дұрыс. Бірақ, әрине бірден түріңізді өзгертіп «болмайды!» деп айғай салу дұрыс емес. Одан да баланың назарын басқа бір қызықты іске айналдырып жіберуге болады. Мұнда сізге сабыр қажет. Сонымен қатар, бала тілімен, оған түсінікті түрде бұлай жасау өзіңізге ыңғайсыздық тудыратынын түсіндіріп айтсаңыз, жетіп жатыр.

    Мұны өзіңізге ереже ретінде ұстансаңыз да болады. Жоғарыда айтқанымыздай, «болатын» және «болмайтын» іс — әрекеттер үшін өз ойыңызды айтып отырсаңыз, бала бірден болмаса да, біртіндеп оны түсіне бастайды. Мысалы, үйге келген қонақпен сәлемдесіп, ол қайтар кезде қоштасуды ешкім үйретпей — ақ өз бетінше орындаған баланың ісі — мақтауға тұрарлық. Алғашқы байқаған сәтіңізде — ақ оның дұрыс жасағандығын, жақсы баланың үнемі осылай жасайтындығын т. б. мейірімді жүзбен күлімсірей айта отырып мақтасаңыз, оның бойында жақсы әдетке деген қызығушылығын оятасыз.

    Себебі, кез — келген бала мақтауды сүйеді. Ол үшін жақсы әдеттер санын арттырғысы келеді, талпынады. Өзінің айтқанын орындату үшін жерге өзін тастай салып, жата қалып жылайтын баланы жазалаудың ең дұрыс әдісі — оны жалғыз қалдыру. Үнсіз ғана оның бұл әрекетін елемеген болсаңыз, осы жазаңыз да жеткілікті болады. Мұның да себебі бар, өйткені бала өзіне назар аудартқанды жақсы көреді. Жата қалып жылай бастағанына назар аудармасаңыз, оның орынсыз екенін сезіне бастайды. Ал оған ұрысып не болмаса өзге де жазалау түрін қолданып жатсаңыз, демек оған назар аударғаныңыз. Балаңыз ол әдетін тағы да қайталайды деген сөз.

    1. Баланың кейбір қылықтарына ашуланбау мүмкін емес. Ол жиі болмаса да кей — кейде орын алып тұрады. Міне, осындай кездері оған ашулануыңыздың себебін сабырлы кезіңізде түсіндіруден қашпаңыз. «Кішкентай ғой, не түсінер дейсің?» деген түсініктен де аулақ болыңыз. Оның қай жерде дұрыс жасамағандығын айтыңыз және неге бұлай еткендігінің себебін сұраңыз. Сонда араларыңызда бір — біріңізді еркін түсінетін көпір қалыптасады. Оны жазалаудың сіз үшін ауыр екендігін және жазалағыңыз келмейтінін де айтқаныңыз артық болмайды.

    Есте сақтағаныңыз дұрыс:

    — Баланы жазалау кезінде ата — ананың жүйкесі тыныштанғаннан басқа ешқандай пайда жоқ. Таяқ жеген бала келесі кезекте де қалай әрекет жасайтынын білмей, бір жасаған қателігін екінші рет қайталайды. Оған түсіндіріңіз және түсіндіріңіз!

    — Қол жұмсамай — ақ жазалаудың түрі жеткілікті. Мысалы: бала қанша жаста болса, сонша минут бұрышта тұру, орындықта қимылдамай отыру, сол күнгі балмұздақ немесе тәттіден қағу. Дұрыс көтеріп, жүйке жұқартудың оң нәтижесі мүлде болмайды.

    — Өзіңізге өзіңіз сырттай назар салыңыз. Сабырлы болыңыз! Бала бірдеңені дұрыс істемеді ме, алдымен түсіндіріңіз. Ол нәтижесін бермесе, ескерту жасаңыз. Ол да көмектеспесе ғана за қолданыңыз. Баланың сізге айтқанын жасатуға жол бермеңіз. Сонда ғана кішкентай ғана бауыр етіңізге қол жұмсамайтын боласыз.

     

     

    Полезные ссылки